Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығының тарихы өз бастауын 1987 жылдан алды. Ол сәтте Орталық кеңесстік емхана мәртебесінде болып, «Отбасыға Медициналық-әлеуметтік көмек көрсету» деп аталатын. Бұл Медициналық мекеме Халық депуттаттарының Алматы қалалық денсаулық сақтау бөлімі қалалық кеңесінің атқару комитетінің бұйрығымен қаланды. Емделушілер емхана ашылғаннан кейін, Медицина-генетикалық кеңес бөлімінде тұқым қуалайтын аурулардың бар немесе жоқ болуын зерделуге, оған қоса «Неке және отбасы» бөлімінде мамандардың кәсіби көмегіне жүгінуге мүмкіндік алды.
«Отбасыға Медициналық-әлеуметтік көмек көрсету» емханасы 1988-ші жылдан бастап келесі бағыттарды ұйымдастыруға тікелей қатысады: балаларды фенилкетонурия бойынша тексеру (ФКУ); сырқатты деп анықталған отбасыларға Медицина-генетикалық кеңес көрсету; перзентханалар мен балалар мекемелерінің бас дәрігерлері, аға акушерлер мен клиникалық зертханашылары үшін, көшпелі семинарлар өткізу; ФКУ науқсатарын тамақтандыру. Бұл емханаға сырқаттарды анықтауда, жоғары және орта медициналық персоналдың кәсіби деңгейін арттыруда оң нәтижеге қол жеткізуге ықпалын тигізді.
Осылайша, «Отбасыға Медициналық-әлеуметтік көмек көрсету» кеңестік емханасының базасына негізделіп, қалалық орталықтың, Алматы қаласында жаңа туған нәрестелердің фенилкетонурия бойынша жаппай скрининг жасауына, мониторинг жүргізуінің негізі қаланды.
1991-ші жылы Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен, «Отбасыға Медициналық-әлеуметтік көмек көрсету» емханасына, 100 төсек орны бар №3 қалалық аурухананың бұрыңғы стационары берілді.
Сонымен қатар, емханаға перинаталдық диспансерлеу жүйесі ендірілді, жүктілікті тоқтату мәселелерін шешу бойынша немесе әрбір жеке жағдайда оларды әрі қарай перинаталдық диспансерлеу үшін, әйелдер кеңесіне беру бойынша шешім қабылдау комиссиясы құрылды. Бұл перинаталдық кезеңде туа біткен даму кемістігі бар, деп диагноз қойылған жаңа туған нәрестелерге уақытылы көмек көрсетуге мүмкіндік берді.
«Отбасыға Медициналық-әлеуметтік көмек көрсету» емханасы 1993-ші жылдан бастап «Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығы» (ҚАҰӨО) деп атала бастады және сол сәттен бастап, Алматы қаласы денсаулық сақтау басқарма басшысының бұйрығымен, орталық, қаланың отбасын жоспарлау кабинеттерінің ұйымдастырушылық-әдістемелік басқаруын өз міндетіне алды.
1995-ші жылы ҚАҰӨО базасына негізделе экстракорпоральдық ұрықтандыру зертханасы ашылды.
1996-ші жылы Қазақстанда ЭҰЗ бағдарламасы бойынша алғашқы сәби дүние есігін ашты.
Бүгінгі таңда «Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығы» бұл - репродуктивті функциялары бұзылған емделушілер, гинекологиялық және урологиялық проблемалар бар балалар мен жасөспірімдер кеңестік көмек пен ем қабылдайтын, бірегей мекеме болып табылады. Оған қоса, орталық балалар мен жасөспірімдерге медициналық-әлеуметтік көмек көрсетеді.
Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығында тексерілудің инвазивті амалдары (амниоцентез және плацентоцентез, хорион биопсиясы), гормональды және цитогенетикалық зерттеулер, хромосома жинтықтарын зерттеу жүзеге асырылады. Сонымен қатар орталық, туа біткен кемістіктер мен тұқым қуалаушы аурулардың пренаталдық диагностикасын жасау мүмкіндігіне ие.
Гинекологиялық аурулары бар науқастар Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығында медециналық көмектің толық көлемін ала алады.
Бұл үшін Орталықта барлық жағдайлар жасалған, сондай-ақ, стационарлық қызмет көрсету, оның ішінде жасөспірімдерге де, диагностикалаудың және емдеудің су жаңа технологияларын қолданумен, жыныстық ауруларды емдеуде консервативтік емнен бастап, үлкен ауқымды оталар жүргізуге дейін. Орталықтың мамандары асқынулардың пайызын төмендетіп, аса күрделі гинекологиялық оталарды табысты түрде жүзеге асырады. 2003-ші жылдан бастап Орталықтың стационары эндоскопия жиынтығымен жабдықталды (лапароскоп пен гистероскоп).
Орталықта медициналық қызметті білікті жұмысшылар көрсетеді, олар Қазақстан Республикасының, Ресейдің, Украинаның, Белорусияның, Израильдің және Кореяның жетекші клиникаларында тәжірибеден өткен.
Заманауи аппаратурамен жабдықталған орталыққа емделушілер барлық Қазақстаннан келеді. Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығында жаңа технологияларды ендіруге аса үлкен көңіл бөлінеді, ал ол өз кезегінде ақпараттық сауалнама жүргізуге ғана емес, сондай-ақ емдушілерді тиімді емдеуге мүмкіндік береді.
Орталықта 2010-шы жылдан бастап, ұрықтың туа біткен даму кемістіктерін және тұқым қуалайтын ауруларын анықтау бойынша, скринингті бағдарлама табысты түрде жүзеге асуда, нәтижесінде ол сәби өлім-жітімін айтарлықтай азайтуға ықпал етті. 2015-шы жылы Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен, Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығының базасына негізделіп, біріңғай перинаталдық скрининг орталығы ашылды.