Created: 12 Қантар 2019
53936

Этикалық нормалар

 

Этикалық нормалар ұжымда қарым-қатынастардың реттеушісі ролін атқарады, олар мақсаттарға жетуде ұйымның ойдағыдай қызмет атқаруына септігін тигізеді, немесе қиындықтар туғызып, ұйымның тарауына алып келеді. Егер басшылық этикалық қатынастарды реттемесе, онда реттеу үдерісі стихиялы түрде қалыптасады.

 

 

Кәсіби этика – бұл адамның кәсіби қызметінің үдерісінде көрінетін мінез-құлық қағидалары. Деонтология - бұл этиканың бір бөлігі, адамның басқа бір адамның және бүкіл қоғамның алдындағы парызы туралы ілім. 

 

 

Медициналық деонтология – бұл науқастың сауығуы үшін ең жайлы жағдайдың қалыптасуына ықпал ететін медицина қызметкерлерінің тиісті мінез-құлқы туралы ілім.

 

 

Медициналық деонтологияның аспектілері:

 

- медицина қызметкерлерінің науқастармен өзара қарым-қатынасы;

- медицина қызметкерлерінің науқастың тума-туыстарымен өзара қарым-қатынасы;

- медицина қызметкерлерінің өз арасындағы қарым-қатынас. 

 

 

ҚАҰӨО көзқарасы - қолжетімділік пен экономикалық тиімділікті арттырумен қатар сапалы медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін, медициналық қызмет көрсетудің тиімді жүйесін қалыптастыру.

 

 

ҚАҰӨО миссиясы - армандаған дені сау сәбидің дүниеге келуі және репродуктивтік денсаулықты қорғау.

 

 

ҚАҰӨО негізгі міндеттері:

 

- туа біткен даму кемістіктері және тұқым қуалайтын аурулардан болатын балалар өлімін азайту;

- бедеулік және жүктілікті соңына дейін көтере алмауды емдеудің тиімділігін арттыру;

- жасөспірімдер мен балалардың репродуктивтік денсаулығын жақсарту;

- армандаған және дені сау балаларды дүниеге әкелудің қолайлы уақытын таңдауға көмектесу.

 

 

ҚАҰӨО басты құндылықтары:

 

Пациентке бағдарланған - бәсекеге қабілетті бағамен жоғары сапалы медициналық қызмет көрсету үшін әрбір жеке емделушінің қажеттіліктерін бағалау.

 

Мейірімділік – бәсекеге қабілетті бағамен жоғары сапалы қызмет көрсету үшін, әрбір жеке емделушінің қажеттіліктерін бағалау. 

 

Құрмет – емделушілердің абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу. 

 

Тұтастық – жарияланған қағидалар мен жоғары стандарттарды сақтау; емделушілерге де және ҚАҰӨО ұжымы ішінде де сенім мен адалдықтың жоғары деңгейін көрсету. 

 

Алқаластық – өзін-өзі тұрақты тексеру және ынтымақтастық, сонымен қатар, жауапкершілік пен жұмыс көлемі тепе-теңдігі негізінде сенімділік жүйесін құру. 

 

Ашықтық – жеке және ұжымдық әрекеттерде адалдық пен парасаттылық қағидаларын ұстану. 

 

Кәсіпқойлық – үнемі іздену және білімін арттыру негізінде, емделушілер мен ұжымның игілігі үшін, өзінің барлық білімін, мүмкіндіктері мен тәжірибесін зор нәтиже алуға бағыттау. 

 

 

Өздерінің атқарымдық міндеттерін орындау барысында аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін ҚАҰӨО басшылары мен әрбір қызметкері адамгершілік және мейірімділік сияқты негізгі этикалық қағидаларды білулері және ұстанулары қажет.

 

 

ҚАҰӨО және жалпы медицинадағы этикалық бастауларды жүзеге асыру келесілерден тұрады:

 

- пациентке оның құқықтары туралы ақпарат беру; 

 

- пациентке оның денсаулық жағдайы туралы ақпарат беру;

 

- пациентке адамгершілікпен қарау; 

 

- пациенттің адамгершілік қасиеттерін құрметтеу; 

 

- пациентке моральдық және физикалық зиян келтіруге жол бермеу  (Зиян келтіріп алма!); 

 

- пациенттің медициналық араласуға келісім беру немесе одан бас тарту ұқығын құрметтеу;

 

- пациенттің дербестігін құрметтеу; 

 

- пациенттің сапалы және уақтылы медициналық көмек алу құқығын құрметтеу; 

 

- өлім аузындағы науқасқа ұқыппен қарау (дистрибутивтік әділдік); 

 

- кәсіби құпияны сақтау; 

 

- өзінің кәсіби құзіреттілігін жоғары деңгейде ұстау; 

 

- пациентті біліксіз медициналық араласудан қорғау; 

 

- өзінің кәсібін құрмет тұту; 

 

- өзінің әріптестерімен сыйластық қатынаста болу; 

 

- медициналық-этикалық қағидаларды практикада қолдану.