ҚАҰӨО көмек сұрап келген барлық емделушілердің мәселелеріне барынша оң шешім табу мүмкіндіктеріне ие. Ең алдыңғы технологияларды қолдана отырып Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығы емделушлерге келесі қызмет түрлерін көрсетеді :
- Медико-генетикалық кеңес, соның ішінде жүкті әйелдердің перенаталды елеу жүргізу;
- Жатырдағы ұрықтың тұқым қуалайтын ауруларын зерттейтін инвазивтік тәсілді диагностика (хориона биопсиясы, плацентоцентез, амниоцентез, кордоцентез);
- Эксперттік деңгейдегі акушер және гинекологиядағы ультрадыбыстық зерттеу;
- Отбасы жоспары, репродуктивті денсаулықты қорғау;
- Әйел және еркек бедеулігiн емдеу;
- Түсік тастауды емдеу;
- Гинекологиялық эндокринология;
- Балалар және жасөспірімдер гинекологиясы;
- Уроандрология;
- Гинекологиялық оталардың барлық түрлері, соның ішінде жыныс мүшелеріне лапроскопиялық және пластикалық оталар;
- 22 аптаға дейнгі жүктілік кезіндегі күрделі ақауларды емдеу;
- Зертханалық зерттеулер: қан гормондарын, жыныстық қатынас арқылы берілетін инфекциялар, жалпыклиникалық қан және несеп зерттеулер; биохимико-генетикалық зерттеулер; цитогенетикалық зерттеулер.