2026 жылғы 20 қаңтарда ШЖҚ «Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығы» КМК жұмыс мәжілісінде тараптарында Орталықтың директоры Г.Д. Кошкимбаеваның 2025 жылғы қызметтің қорытындысы жөніндегі толық баяндамасы тыңдалды.
Мәжілісте Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының (Басқарма) өкілдері – Басқарма басшысының орынбасары Л.Т. Иманғалиева, Басқарманың ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің бастығы Ж.К. Ахметова, Бақылау Кеңесінің мүшелері, сонымен қатар, Орталық қызметкерлері қатыса отырып, жұмыстың қорытындысын жан жақты талқылау және Орталықтың бұдан әрі дамуына өзекті бағытты анықтау мүмкіндігін берді.
Баяндаманы қарастыру нәтижесінде, ұсынылған ақпарат мәлімет түрінде қабылданып, ұсынымдар тұжырымдалды және тиісті хаттамалық тапсырмалар бекітілді.

