Created: 18 Қараша 2025
21

Преэклампсия – жүктіліктің ең ауыр асқынуы

Преэклампсия – жүктіліктің ең ауыр асқынуы. Ол ана мен нәресте өлімінің басты себептерінің бірі болып табылады.

Преэклампсияға арналған анализ – жүкті әйелдің қан сарысуындағы плацентарлық факторды анықтау арқылы жүргізіледі. Жүктіліктің бірінші триместрінде осы талдау арқылы ерте преэклампсияның (37-аптаға дейін) даму қаупі бар әйелдерді 76,7% дәлдікпен анықтауға болады. Бұл талдау преэклампсияның алдын алу шараларын уақытылы бастауға, жүктіліктің жағымсыз аяқталу қаупін 80%-ға дейін төмендетуге, сондай-ақ болашақта созылмалы артериялық гипертензияның даму қаупін анықтауға көмектеседі.

Талдау келесі жағдайларда ұсынылады:
* жоғары қауіп тобына жататын жүкті әйелдерге;
* бүйректің созылмалы аурулары;
* жүктілікке дейін болған артериялық гипертензия;
* тамыр аурулары;
* жүрек патологиялары;
* семіздік;
* қант диабеті;
* жас ерекшелігі (18 жасқа дейінгі және 35 жастан асқан әйелдерде қауіп жоғары);
* отбасында преэклампсия болған жағдайлар;
* егіз немесе бірнеше жүктілік;
* антифосфолипидті синдром;
* тұқым қуалайтын коагулопатиялар.

Преэклампсияға талдау ақылы түрде жүргізіледі.
Толық ақпарат алу үшін тіркеу бөліміне хабарласыңыз: +77272484453