✨ «Бақытты отбасы – бақытты ел» республикалық акциясы аясында біздің Орталықта Ашық есік күні өтті!
🎓 Бұл күні біздің қонақтарымыз Алматы технологиялық-қаржылық колледжі мен Инновациялық-техникалық колледждің 1-курс студент қыздары болды.
📚 Қыздарға арналған отбасын жоспарлау тақырыбында дәріс өткізілді. Онда репродуктивті денсаулыққа және болашақ аналыққа жауапкершілікпен қараудың маңыздылығы талқыланды.
👩⚕️ Сонымен қатар студент қыздар гинекологтың жеке кеңестерін алып, өз сұрақтарын қойып, кәсіби ұсыныстар алды.
🤝 Мұндай кездесулер жастардың өз денсаулығына қамқорлықпен қарауына, саналы шешім қабылдауына және отбасылық құндылықтарға жауапкершілікпен қарауына ықпал ететініне біз қуаныштымыз.