Құрметті әріптестерімізді Республика Күні қарсаңында марапатталған үлкен наградаларымен шын жүректен қуана құттықтаймыз! Сіздердің еңбекқорлықтарыңыз, істеріңізге шын беріліп көрсеткен кәсіби шеберліктеріңіз бізге үлгі болмақ.
* Сармулдаева Чапен Акановна - денсаулық сақтауды дамытуға қосқан мiнсiз үлесi үшін Қазақстан Республикасы Президентінің атынан «Шапағат» Мемлекеттік медалімен марапатталып жоғары мәртебеге ие болды.
* Демкина Мария Викторовна - денсаулық сақтау саласында көптен бері атқарып жүрген мінсіз еңбегі үшін Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрінің атынан «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды.
* Аширбакиев Тимур Турсунович – медицина саласындағы үлкен жетістіктері үшін, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің атынан «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» кеуде белгісімен марапатталды.
* Курбанова Тахмина Рахымжановна – халық денсаулығын бекітуде сіңірген еңбегі және жоғары кәсібилігі үшін, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау Министрлігінің атынан «Алғыс хатқа» ие болды.
Құрметті әріптестер! Сіздер біз үшін еңбек барысында шабыт берер мақтанышымыз болып табыласыздар! Шын ниетпен марапаттарыңызбен құттықтай отырып, бағаланбас еңбектеріңіз үшін үлкен алғыс білдіреміз!