Бүгінгі күні Санкт-Петербург қаласындағы (Ресей Федерациясы) Д.О. Отта атынд. Акушерия, Гинекология және Репродуктология ҒЗИ базасында цитогенетикалық, молекулярлық-цитогенетикалық зерттеу жүргізу әдістерін қолдану ерекшеліктері, пренаталдық диагностика бойынша біліктілігін арттырып, заманауи іс-тәжірибемен алмасу мақсатында, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас генетигі, медицина ғылымының докторы, профессор Г. Әбілдинова және пренаталдық ультрадыбыстық диагностика үйлестірушісі, медицина ғылымының докторы Ж. Құрманғалидың бастауымен еліміздің өңірінен жиналған штаттан тыс генетик-дәрігерлер мен ультрадыбыстық диагностика мамандары үшін Қазақстан Республикасы. Денсаулық сақтау министрлігінің АжБҚДД курациясы және "Қазақстан Халқына" Қоғамдық Қорының қаржылық түрдегі қолдауымен бойынша оқыту курсы өткізілуде. Бұл оқыту курсында өзге елдің қалаларынан, республикадан келген және біздің білікті мамандар қатысушылар біріге отырып пренаталдық скрининг бойынша көкейтесті әдістемелер белсенді талқыланды, 20-дан астам қала, облыс, елден келген барлығы 50 дәрігер мамандар өздерінің ойларын ортаға салды, инвазивтік пренаталдық диагностиканың негіздерімен танысып, курсқа қатысушылардың оқыту курсының оқытушыларымен біріге отырып, клиникалық жайларды іріктеу және туа біткен даму ақаулығы, тұқымдағы генетикалық патология анықталған жағдайда жүктілерді қадағалау жөніндегі айтарлықтай күрделі мәселені талқылау мүмкіндігі болды.