Created: 18 Мамыр 2023
217

БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығына ресми сапармен келді.

Қалалық адам ұрпағын өрбіту Оталығына БҰҰ Бас хатшысы, ЮНФПА атқарушы директоры Наталия Канем, Шығыс Еуропа және Орта Азия бойынша Өңірлік кеңсенің басшысы Флоренс Бауэр және ЮНФПА кеңселерінің басқа да басшылары келді.

Кездесу барысында бас дәрігер Гаухар Көшкімбаевамен және Ресурстық Жастар Денсаулығы Орталығының басшысы Шолпан Қаржаубаевамен РЖДО қызметінен болған нәтижелер ортаға ұсынылып, бұдан әрі келешекте ынтымақтастық жасау мәселесі талқыланды. Айта кететін жайт, Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығының жанындағы Жастар орталығы 4 жыл бұрын ашылған, онда арнайы жастар үшін әзірленген және жасөспірім жасынан ересектер өміріне қауіпсіз түрде көшуге септігін тигізетін өмірлік маңызды тәжірибе, дағдыларды дамытуға бағытталған ақпараттар мен қызмет түрі көрсетілді. Жылдың басынан бері Жастар орталығымен балалар және жасөспірімдер гинекологтарымен 3 мыңнан аса қабылдау жүргізіліп, шамалы 100 балаға гинекологиялық  УДЗ тексерісі жүргізілді, ал, психологтан кеңес 1071 балаға берілген. Сонымен қатар, үнемі негізде дәрістер мен Ашық есік күндері өткізіліп отыратын білім беру ұйымдарымен қызметтес болу туралы 14 Меморандумға қол қойылды. БҰҰ-мен 5 жыл бойғы серіктестік болу тарапында Орталықта қолдау түрінде түрлі тренингтер мен басқа да шаралар өткізілді, сондай-ақ, басқа елдермен үздік іс- тәжірибелермен алмасу қаралып, Орталықтың дамуына айтарлықтай маңызды үлесін қосты. Әсіресе, жыныстық жетілу сауалы бойынша жасөспірімдерге арнайы кітапшалар, ата- аналарға басшылық ету және бейнероликтер, клиникалық басшылық ету және мамандарға кеңес беру алгоритмдері әзірленіп, соның тарапында бүкіл елдегі Жастар денсаулығы Орталығының 300 жұмыскері үшін тренингтер мен вебинарлар өткізілді. Жасөспірімдерді кеңейтілген көлемде ақпараттандыру үшін, репродуктивті денсаулық мәселесі бойынша сайт, Телеграм каналда чат-бот, Инстаграм и ТикТок аккаунттардан тұратын shyn.kz сандық пакеті әзірленген. Сапармен келушілер Ресурстық Жастар денсаулығы Орталығының жұмысын жоғары бағалады және кездесу соңында Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығының қызметкерлеріне табысты нәтижелі жұмыстары үшін алғыстарын білдірді!

]