Created: 09 Қараша 2022
311

Медициналық ұйымдардың қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу тетіктерін талқылау үшін Антикор өкілдерімен кездесті

Іс-шараға Алматы қаласының бас дәрігерлері, бөлімше басшылары және медициналық ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

Кездесу аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өкілі Саят Балғымбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарды енгізу, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы іс-қимылдың түрлі тетіктері туралы айтып берді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл сыбайлас жемқорлық қылмыстарын анықтаумен шектелмейді, біздің басты міндетіміз-сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтың, сыбайлас жемқорлық мінез-құлқының туындауына жол бермеу. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу азаматтарды парасаттылық пен сыбайлас жемқорлыққа "нөлдік төзімділік" қағидаттарына үйретуден басталады», - деп атап өтті С.Балғымбаев.

Кездесуде сондай-ақ 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының ережелері, цифрландыру, комплаенс институтын дамыту түсіндірілді.

Сонымен қатар, Антикордың 1424 сенім телефоны туралы ақпарат жеткізілді, онда 24/7 азаматтары кеңес ала алады.