2022 жылғы 22 қыркүйекте Қалалық адам ұрпағын өрбіту Орталығы Колумбиялық университеттің жанындағы «Орталық Азияда Жаһандық Денсаулықты Зерттеу Орталығы» Корпорациясының Филиалымен бірлесе отырып, Алматы қаласы Жастар денсаулығы орталығының 15 менеджерімен жастар және жасөспірімдерді АИТВ-ға тестілеу үдерісін талқылау бойынша Дөңгелек үстел өткізді.
ОАЖДЗО «Краудсорсингті тәсілді қолдану арқылы Қазақстандағы жастар және жасөспірімдер арасында АИТВ-ға тестілеуді ұлғайту үшін АИТВ-ға қатысты стигманың төмендеуі» жобасын (JasSpark жобасы) іске асырады. Жобаның тарапында OraQuick ADVANCE®️ Rapid HIV-1/2 Antibody Test эспресс-тесттің көмегімен Алматы қаласының жасөспірімдері мен жастарын қызылиек маңындағы сұйықтығын (сілекейін) АИТВ-ға өз еркімен өзіндік тестілеу жүргізу болжануда.