Бүгін Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығының қызметкерлерімен және Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Торғаев Бекқали Нұрғалиұлы және "Қазақстан - Ресей университетінің "уақытша ұжымы" алғашқы медициналық - санитарлық көмекті дамыту орталығы" жобасының жетекшісі, «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалы жанындағы мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңесінің мүшесі Қасымжанова Жанат Кәкімсейітқызымен кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстанның әр азаматына еліміздің болашағын айқындайтын тарихи жайға тікелей үлесін қосу мүмкіндігін беретін, референдум жайындағы сауалдар нақты түсіндірілді. Біздің қызметкерлер қойылған барлық сауалдарына жауап алды және де ұжымымыз 5-маусымда өтетін Референдумға дауыс беруге міндетті түрде жұмыла қатысатыны нақ!
Created: 03 Маусым 2022
305