Created: 02 Шiлде 2023
186

«Ауылға жұмыс істеуге барған әр жас дәрігерге 10 млн теңге» — Депутат Асхат Аймағамбетов Алматы қаласының медициналық қоғамымен кездесті

         «Ауылға жұмыс істеуге барған әр жас  дәрігерге 10 млн теңге» — Депутат Асхат
Аймағамбетов Алматы қаласының  медициналық қоғамымен кездесті

Жұмыс сапары барысында «Аманат» фракциясынан Қазақстан Республикасы
Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті VIII шақыру
Мәжілісінің әлеуметтік-мәдени дамыту жөніндегі Комитетінің Төрағасы Асхат
Аймағамбетов 2023 жылғы 04 шілдеде С.Д. Асфендияров атынд. Қазақ Ұлттық
медициналық университетіне барып, еліміздің ірі мегаполисындағы медицина
қоғамымен кездесу өткізді. Кездесуге «AMANAT» Алматы қалалық партиясы
филиалының Төрағасы Станислав Владимирович Канкуров, Алматы қаласы
Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Иран Маратұлы
Шаметеков, қалалық және аудандық денсаулық сақтау ұйымдарының
басшылары, әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорының, жеке медициналық
ұйымдардың, фармакологиялық бизнестің басшылары, денсаулық сақтау ісін
ұйымдастырушылар және дәрігерлер қатысты.
Асхат Аймағамбетов кездесу барысында міндетті әлеуметтік медициналық
сақтандыру тарапында көрсетілетін медициналық қызметтің сапалығы және
қолжетімділігі мәселелері қозғалды. Депутат көрсетілетін медициналық көмектің
тиімділігін арттыру және қолжетімділігін жақсарту үшін МӘМС жүйесін
модернизациялау қажеттілігі туралы атап өтті. Сонымен қатар, Асхат Аймағамбетов
сақтандыру пакеттерін, әсіресе ТМККК және МӘМС жүйесін саралау маңыздылығын
айтты.
«Осында және тап қазір» ұстанымы бойынша медициналық қызмет көрсету
қолжетімділігі қамтылуы тиіс. Осыған байланысты көрсетілген қызмет
фактісі бойынша төлем жүргізуді қамту арқылы ай сайынғы жоспарлы
қаржыландырудан бас тарту ұсынылуда. Сондай-ақ, дәрігерлерде
жаңылыстың және қаржылық ресурстардың ағылуын болдырмау үшін ТМККК
және МӘМС пакеттері есебінен көрсетілетін медициналық қызметтің
түрлері нақтылануы тиіс- деді депутат.