Created: 12 Қантар 2019
37823

Медицина қызметкерінің Этикалық кодексі

 

  • Денсаулық сақтау қызметкерінің Этикалық кодексі (бұдан әрі- Кодекс) кәсіптік медициналық қызметті жүзеге асыру кезінде медицина және әлеуметтік қызметкерлерінің (бұдан әрі- денсаулық сақтау қызметкерлерінің) өз-өзін ұстау ұстанымдарының және этикалық нормалардың жиынтығын белгілейтін құжат болып саналады.   

     

    • Жалпы ереже.
    • Медицина қызметкері және пациент
    • Дәрігерлердің құпиясы
    • Этикалық кодекстің іс-әрекет ету шектері, оны қайта қарастыру тәртібі және оны бұзған кездегі жауапкершілік

     

    1. Жалпы ереже
    • Медицина қызметкерінің Этикалық кодексі (бұдан әрі- Кодекс) медицина қызметкерлерінің лауазымдық міндеттерін орындау кезінде басшылық етуге ұсынылған этикалық нормалар мен мінез- құлық ережесінің жинағы болып табылады. 
    • Осы Кодекстің Ережесі Қалалық адам ұрпағын өрбіту орталығының медицина қызметкерлерінің барлығына таралады.

      

    1. Медицина қызметкері және пациент

     

    • Медицина қызметкері пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапалығына жауап береді. Өз қызметінде ол Қазақстан Республикасының заңдарын, қолданыстағы нормативтік құжаттарды (медициналық стандарттарды) басшылыққа алуға міндетті, бірақ, осы нұсқаманың тараптарында, аурушаңдықтардың ерекшелігін ескере отырып, науқастың мүддесін басшылыққа алу арқылы әр нақты жағдайда аса тиімді болып табылатын профилактикалау, диагностикалау және емдеу әдістері таңдалуы қажет. Қажет болған жағдайда медицина қызметкері өздерінің әріптестерінен көмек алуға тиіс.
    • Медицина қызметкері пациентті қисынсыз қауіпке ұшыратпауы тиіс, және де өз білімдерін ізгілікті мақсатта қолдануға болмайды. Емдеудің әр әдісін таңдаған кезде медицина қызметкері ең алдымен «Зиян тигізіп қойма» талабына сүйенуі тиіс.
    • Науқастың жай-күйін нашарлатпайтындай шара қолдануға міндетті қылатын шұғыл көмектен басқа жағдайда, медицина қызметкері пациент екеуінің арасында өзара сенімділік болмаған жағдайда, егер де өзін жеткілікті түрде білікті деп санамаса немесе емдеуді жүргізу үшін қажетті мүмкіндіктері болмаған жағдайда науқасты емдеуден бас тартуға құқығы бар. Мұндай және осыған ұқсас жағдайларда медицина қызметкері ол туралы тікелей басшысына хабарлау үшін барлық шараны қарастыра отырып, науқасқа білікті маманды ұсынуға міндетті.
    • Медицина қызметкері пациенттің емдеуші дәрігерді, мекемені таңдау құқығын сыйлауы және емдеу- профилактикалық шараларды жүргізу туралы шешімді қабылдауға қатысуын құптауы тиіс. Пациенттің емделуге өз еркімен келісімін медицина қызметкері әдетте науқаспен жеке әңгімелескен кезде алады. Бұл келісім саналы түрде қабылданып, науқас міндетті түрде емдеу әдістері, оларды қолданудан кейін болатын салдар, әсіресе, мүмкін болатын асқынулар, емдеудің өзге де баламалы әдістері туралы хабардар болуы қажет. Пациенттің келісімісіз емдеу- профилактикалық шараларды жүргізуге, пациентітң денсаулығы мен өміріне қауіп төнген жағдайда және оның жағдайды адекватты түрде бағалау мүмкіндігі болмаған кезде ғана рұқсат етіледі. Мұндай жағдайда алқалық шешіммен қабылдаған дұрыс. Психикалық аурушаңдықпен ауратын адамдарды емдеген кезде, медицина қызметкері Қазақстан Республикасының психиатрлық көмек көрсету және оны көрсету кезіндегі азаматтардың құқықтық кепілдемесі туралы заңнаманы басшылыққа алуы тиіс. Баланы емдеген кезде медицина қызметкері оның ата-аналары немесе қамқоршыларына толыққанды ақпарат ұсынып, олардан сол немесе басқа емдеу әдісін жүргізуге немесе дәрімен емделуіне келісімін алуы қажет.

     

    • Медицина қызметкері пациенттің ар-намысы мен абыройын қадірлеуі керек, оларға жылы шыраймен қарап, жеке құпиясына деген құқығын сыйлауы тиіс, туыстары мен жақындарының науқастың жай-күйіне алаңдаушылық білдіруін түсіністікпен қабылдауға, сонымен қатар, ол жеткіліксіз, яғни кәсіби себептерсіз пациенттің және оның отбасы мүшелерінің жеке істеріне араласпауы тиіс.
    • Егер де пациент өзінің келісімін саналы түрде бере алмаса, оның орнына заңды өкілі немесе пациентті үнемі қамқорлыққа алатын адам бере алады.
    • Пациент өзінің денсаулығы жай-күйі туралы толық ақпаратты алуға, бірақ, сондай-ақ, одан бас тартуға немесе денсаулығы жайлы хабарлауға болатын адамды көрсетуге құқығы бар. 

    Ақпарат пациенттен, егер оған зиян келтіруі мүмкін деген салмақты негіздеме болған жағдайда ғана жасырын болуы тиіс. Дегенмен, паценттің нақты білдірген талабы бойынша медицина қызметкері оған толық ақпаратты ұсынуы тиіс. Науқас үшін жағымсыз болжам болған жағдайда, мүмкіндігінше қолайлы нәтиже болуы үшін шетін түрде байқап хабарлау қажет. 

    • Пациенттің қалауы бойынша медицина қызметкері оның басқа медицина қызметкерінен кеңес алу құқығына кедергі жасамауы тиіс.
    • Медицина қызметкерінің науқаспен сұхбаттасқан кезде өзін өзі жарнамалауға тыйым салынады.
    • Емдеу үдерісі кезінде қателіктер орын алып немесе ойда болмаған асқынулар дамыған жағдайда, медицина қызметкері ол туралы науқасқа, тікелей басшысына хабарлауы тиіс және тез арада туындайтын зияндық салдарын түзетуге бағытталған әрекеттерді жүргізу қажет.
    • Дәрігер, медицина қызметкері кәсіби міндеттерін лақап атты қолданылмай, жәнек өзіне берілген ресми титулын, дәрежесін, атағын көрсетпей, тек өзінің тегі, аты-жөнімен жүзеге асыруы тиіс.

    Медициналық этика (лат. ethica, грек тілінен ethice – адамгершілік, моральға үйрену), немесе медициналық  деонтология (грек тілінен deon – міндетті; «деонтология» термині соңғы жылдардағы отандастық әдебиетте кеңінен қолданылды), – медицина қызметкерлерінің олармен өз кәсіби міндеттерін орындаған кездегі этикалық нормалары мен ұстанымдарының жиынтығы.

    • ғылыми - медицина қызметкерлері қызметінің этикалық және адамгершілік аспектілерін зерделейтін медициналық  ғылым бөлігі;
    • іс-тәжірибелік - міндеті этикалық нормалар және қағидаларды кәсіби медициналық қызметте қолдану мен қалыптастыру болып саналатын медициналық практика саласы.

    III. Дәрігерлік құпия  

    273 бап. Медицина қызметкерінің құпиясы

    1. Дербес медициналық деректер, медициналық көмекке жүгіну факті, адамның денсаулығының жай-күйі, оның аурушаңдығы диагнозы және емдеу және (немесе) тексеру кезінде алынған өзге деректер туралы ақпарат медицина қызметкерінің құпиясы болып табылады.
    2. Оқу кезінде кәсіби, қызметтік міндеттерін және осы баптың 3 және 4-тармақтарымен белгіленген жағдайлардан басқа міндеттерді орындау барысында белгілі болған тұлғалармен медицина қызметкерлерінің құпиясынан тұратын деректерді жариялауға тыйым салынады.
    3. Пациенттің немесе оның заңды өкілінің ақпараттандырылған келісімімен ғылыми зертеулерді, осы деректерді оқу үдерісінде қолдану үшін медицина қызметкерінің құпиясынан тұратын деректерді беруге рұқсат етіледі.
    4. Медицина қызметкерінің құпиясынан тұратын деректерді тұлғаның келісімісіз ұсынуға келесі жағдайларда рұқсат етіледі:

    1) заңды өкіл болмаған жағдайда, өзінің еркін көрсете алмайтын жай-күйдегі адамды емдеу және тексеру мақсатында, 

    2) қоршаған ортаға қауіп тудыратын аурушаңдықтың таралуы, сонымен қатар, қан, оның компонеттеріне донорлық кезде, органдарды (органның бөлшектерін) және тіндерін (тіндердің бөлшегін) ауыстырып қондыру кезінде;

    3) тергеу органдарының сұрауы және тергеу, прокурор, адвокаттың және (немесе) соттың тергеу жүргізу кезінде немесе соттық істі қарау кезінде;

    4) кәмелетке толмағанға немесе әрекет етуге қабілетсіз адамға медициналық көмек көрсету кезінде оның заңды өкілін ақпараттандыру үшін; 

    5) Қазақстан Республикасы азаматының денсаулығына құқыққа қарсы әрекет етудің салдарынан зиян келтірілгені туралы болжам кезінде;

    6) адамда психикалық ауытқулар мен сексуалдық зорлық- зомбылық бейімділігі болғанда;

    7) медициналық қызмет (көмек) көрсету сапалығына мемлекеттік бақылау, медициналық қызметтің көлемі мен сапалығы бойынша шарттық міндеттер мониторингін жүргізу кезінде;

    8) Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Конституциялық заңымен белгіленген тәртіпте прокуратура органдарымен тексеру жүргізу кезінде;

    9) барлау-бақылау қызметінің тапсырмасын шешу мақсатында, арнайы мемлекеттік органдардың сұрауы бойынша.

    1. 5. Жеке тұлғалардың дербес медициналық деректерінен тұратын электрондық ақпараттық ресурстарды, қан және оның компонеттеріне донорлық болумен, органдар (оның бөлшектерін) және (немесе) тіндермен (оның бөлшектерін) байланысты, сондай-ақ, құқық қорғау, арнайы мемлекеттік органдардың медициналық құпиядан тұратын электрондық құжат түрінде ақпаратты ұсыну жөніндегі сұраулары, психобелсенді заттарды тұтынумен байланысты психикалық, мінез-құлық бұзушылығы (аурушаңдығы) бар адамдардың есепте тұру жағдайынан басқа кездері, жеке өмірлеріне қатысты дербес медициналық деректерді қолдану кезінде жеке тұлғалардың рұқсатынсыз оларды басқа деректер базасымен байланыстыратын телекоммуникация желілеріне қосуға тыйым салынады.

     

    1. I Этикалық кодекстің әрекет ету шектері, оны қайта қарастыру тәртібі және бұзғаны үшін жауапкершілік
    • Медицина қызметкерінің бірінші соты - өзінің ар-ожданы. Екінші - бұзушыға өзінің жарғысы және басқа құжаттарға сәйкес жаза беру құқығы бар дәрігерлік қауымдастық түріндегі медицина қоғамдастығы.  
    • Егер этикалық нормалардың бұзылуы бір мезетте Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасындағы ережелерді қозғаса - медицина қызметкері заң бойынша жауап береді. 

     

    • Медицина қызметкері өзінің қылығының ұжымда көпшілік алдында талқылану мен  қоғамдық тұрғыда жазғыратынын білгені жөн.
    • Кодексті қайта қарастыру және оның қағидаларын түсіндіру құқығы Орталықтың Этикалық комиссиясымен қаралады. Кодексті қайта қарастыру тәртібі Орталықтың Этикалық комиссиясымен анықталады.
    • Нақты жағдайларда Кодекстің сол және басқа да қағидалар әр түрлі түсініктеме береді. Осыған байланысты, Орталықтың Этикалық комиссиясы өзінің түсінігін Орталықтың Этикалық комиссиясы мәжілісінің шешімімен ресімдейді. Түсінік Кодекске толықтырулар енгізу түрінде бекітілгеннен соң өз күшіне енеді.