Created: 26 Қантар 2019
777

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі деген не?

 

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС) – бұл денсаулық сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік жүйесі.
 
МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына олардың жынысы, жасы, әлеуметтік мәртебесі, тұрғылықты жері және табыстарынан тәуелсіз түрде медициналық және дәрілік көмекке бірдей қолжетімділікті кепілдік етеді.

Міндетті әлеуметтік медциналық сақтандыру (МӘМС) – бұл денсаулық сақтау саласында халықтың мүдделерін олар ауырғанда, зақымданғанда, жүкті болу және босанғанда, мүгедек болу және қартайған жағдайда әлеуметтік қорғау нысаны.

Көптеген дамыған елдер аз мұқтаждан аса мұқтаждарға қаражатты қайта бөлуге мүмкіндік беретін МӘМС-ды таңдады.

 

МӘМС жүйесінде қандай ұйымдар медициналық көмек көрсететін болады?

МӘМС жүйесінде медициналық көмекті мемлекеттік және жеке денсаулық сақтау субъектілерінің теңдігі қағидаты негізінде Қордың ұсынған талаптарына сәйкес болған жағдайда, жеке меншік нысанынан тәуелсіз түрде Қормен шартқа отырған медициналық ұйымдар көрсететін болады.

МӘМС жүйесінің негізгі қағидаттарының біріне жарналарды (немесе аударымдарды) төлеу міндеттілігі мен жүйенің барлық қатысушыларының теңдігі жатады. Мемлекеттің, азаматтардың және жұмыс берушілердің ортақ жауапкершілігі олардан келген қаражатты ауру кезеңінде сау азаматтан сырқат азаматқа қайта бөлуге мүмкіндік береді.

Төленген қаражаттар осы кезеңде медициналық қызметке жүгінген пайдаланушыларға медициналық көмекті төлеу үшін жұмсалады. Жеке клиникалардың медициналық көмектің (медициналық қызметтің) барлық түрін ұсынбайтынын, соның ішінде қымбат тұратын медициналық қызметтер (мысалы: мүшелерді трансплантациялау, нейрохирургиялық оталар, кардиохирургиялық оталардың жеке түрлері және т.б.) көрсетпейтінін атап өтку қажет. 

Өкінішке орай, жарналардың немесе аударымдардың төленбеуі жоғарыда аталған қызмет түрлерін көрсетуден жоспарлы түрде бас тартуына алып келеді. 
 ТМККК шеңберінде және МӘМС жүйесінде медициналық қызмет көрсететін, денсаулық сақтау субъектілерінің дерекқорына енген медициналық ұйымдар тізімімен танысу үшін және тіркелуге ұйымды таңдау үшін сіз сілтеме арқылы өте аласыз.