Created: 21 Маусым 2023
506

Қазақ тілі – Қазақстан Республикасы мемлекетінің тілі

ҚР Конституциясының 7-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Сонымен қатар Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттің басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Сонымен қатар Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізгі мақсаты - бұқара көпшілікпен санасу және олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдау, тиісті шешім қабылдау.

Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асырып, асқақтату. Әрбір өркениеттің өріне қадам бастаған мемлекеттің ең басты тірегі, оның идеясы мен саясатын алға апарушы мемлекеттік қызметкер екені белгілі.

Алайда, бүгінгі таңда мемлекеттiк қызметшiлердің күнделікті қызметінде, сонымен қатар халықпен кездесу барысында «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР заңының талаптарын орындамау,  сондай-ақ қарапайым халықпен мемлекеттік тілде қарым-қатынас жасамауы жиі көрініс тауып, халықтың наразылығына алып келуде.

Осыған байланысты мемлекеттік тілді меңгермеген азаматтарға қолдау көрсету мақсатында әкімдіктер жанында 111 тілдерді үйрету орталықтары жұмыс істейтінін назарларыңызға жеткіземіз. Аталған орталықтарда мемлекеттік тілді үйрету курстары тегін  жүргізіледі, яғни мемлекет трапынан барлық жағдай жасалған.

Тіл үйретуде қазіргі техника мен заманауи технологиялардың мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы зор. Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған 12 IT жоба қолданысқа енгізілген.

Атап айтқанда, қазақ тілін өз бетінше үйренушілерге арналған «Tilmedia.kz», «Balatili.kz», «Tilqural.kz», «Abai.institute» сайттары, тілдік сауаттылықты арттыруға бағытталған «Тermincom.kz», «Emle.kz», «Sozdikqor.kz», «Qazcorpora.kz» сайттары, барлық сала құжаттарының қазақша үлгісі мен қатесіз толтыру нұсқаулығы берілген «Qujat.kz» және ономастикалық «Atau.kz» базасы, еліміздегі латын графикасына көшу үдерісін сүйемелдейтін «Qazlatyn.kz»(портал және конвертер) ұлттық порталы, тіл саласына қатысты өзекті ақпараттар орналастарылған Tilalemi.kz»сайттары көпшілікке қолжетімді. Аталған өнімдер GOV.KZ, МОИП (ИПГО) порталдарына  орналастырылған.