Created: 21 Қазан 2020
747

«Медицина қызметкерлерінің жасөспірімдер мен жастарға репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша кеңес беру машықтарын дамыту» тақырыбында 2 онлайн-семинар өткізілді

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі және Халықтың қоныстануы саласындағы БҰҰ Қорының Мемлекеттік кеңсесінінің (ЮНФПА) қолдауымен «Медицина қызметкерлерінің жасөспірімдер мен жастарға репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша кеңес беру машықтарын дамыту» тақырыбында 2 онлайн-семинар өткізілді (7-9 қазан орыс тілінде және 14-16 қазан қазақ тілінде), Қалалық адам өрбіту орталығының мамандарының жұмысы көрсетілді. Семинарға Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Қызылорда, Семей, Өскемен қалаларының және Қарағанды, Қостанай, Алматы облыстарының жастар денсаулық орталықтарының мамандары қатысты. Вебинар жақсы ұйымдастырылған топтың арқасында жоғары деңгейде өтті (Серік Тәңірбергенов пен Гаухар Абуова – ЮНФПА; Шолпан Қаржаубаева, Ерлан Мұстафин және Назерке Райымбекова - тренерлер; Аслан Нұржанов - техникалық қолдау).