Создано: 13 сентября 2022
370

2022 жылғы 1 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Парламентінің кезекті сессиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауымен ашылды.

2022 жылғы 1 қыркүйекте  Қазақстан Республикасы Парламентінің кезекті сессиясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған  Жолдауымен  ашылды.

Президентіміздің Қазақстан халқына кезекті Жолдауын ұжым бола отырып мұқият тыңдадық. Президенттің кезекті Жолдауында еліміздің әр азаматына маңызды мәселелер ортаға салынды. Онда Жаңа Қазақстанның басты бес бағыты туралы  айтылды:

- Жаңа экономикалық саясат,

- Ел болашағына арналған стратегиялық инвестиция,

- Экономиканың нақты секторын дамыту,

- Мемлекеттік басқару ісін қайта жаңғырту,

- Заң мен Тәртіп.

Жаңа Қазақстанымыздың жаңаруы мен жаңғыруына осы басты бес бағыттың айтарлықтай жүзеге асуынан болатыны дәлел.  

Президенттің  «балық берме, қармақ бер» деген принципі әлеуметтік және экономикалық саясаттың арасындағы тепе-теңдігіне мысал болып келтірілген. Қуантатын жағдай – ол жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін жеңілдетілген кредиттің берілуі. Ұлттық қордағы қаражат балаларымызға, яғни, болашақ қазақстандықтарға бөлінеді.

Сонымен қатар, жеке кәсіпкерлік бастамаларға  қолдау көрсету, жаңа тариф саясатын құру, игерілмеген қаржының келесі жылы пайдаланылуы, халықтың тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қаржысының кемінде 10 пайызы қайда жұмсалатынын өзі айқындауы, айта берсе бұл Жолдауда халқымыздың көкейін тесетін көптеген мәселелер айтылып, ортаға салынған.

Жолдаудың әсіресе өзіміздің мамандығымызға тиесілі мәселенің бірі –  ерікті медициналық сақтандыру жүйесінің енгізілуі. Үкіметпен денсаулық сақтау саласы мен жалпы әлеуметтік саланы қаржыландыру жүйесін қайта қарауы. Медициналық жоғары оқу орындары жанынан көпбейінді ауруханалар мен клиникалар ашу. Резидентураға бөлінетін грантытң саны 70 пайызға дейін көтерілуі. Болашағымыздың кепілі болып табылатын студент жастары үшін грант санын көбейту. Бәріміздің басымызға түсетін әйелдердің зейнеткерлік жасының нақ саны бекітіліп, балаларға күтім жасаумен демалыста отырғандардың жөргекпұл беру мерзімін 1,5 жылға созғаны және өз күшіне келесі жылдан бастап енуі Мемлекет басшымыздың ортаға ұсынып халқына жасаған Жолдауының көп күттірмей орындалатынына көзімізді жеткізді.       

Біз, медициналық мекеме қызметкерлері Президентіміздің Жолдауының болашақта іске аса отырып, халқымыздың қал-жағдайын жақсартуына, Республикамыздың одан әрі өркендеуіне кәміл сенеміз.